Алматыда ірі есірткі зертханасының ұйымдастырушысы сотталды

Ақтоты Жапатова 28 там. 2025 14:30

Алматыда ірі есірткі зертханасының ұйымдастырушысы сотталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматыда өткен жылдың қазан айында жерасты есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Зертхана Медеу ауданының жеке секторында орналасқан. Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері 21 келіден астам дайын мефедрон, химиялық реагенттер, есірткі өндірісі мен буып-түюге арналған құрал-жабдықтарды тапты және тәркіледі.

- Бұл азаматқа қатысты соттың үкімі атқарылған жұмыстардың заңды нәтижесі болып саналады. Есірткі зертханасының ұйымдастырушысы кінәлі деп танылды, тиісті жазасын алады. Мұндай қылмыстар қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді, сондықтан Алматы полициясы есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып келеді. Біздің мақсатымыз – жеткізу арналарының жолын кесу, синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу және жастарды есірткі қауіпінен қорғау, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция есірткі жасау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар