Абай облысында шенеуніктер жоқ ағашты кесуге 150 млн жұмсамақ болған

Көркем Алдабергенова 26 там. 2025 12:40

Абай облысында прокуратура жоқ 40 метрлік ағаштарды кесуге арналған 150 млн теңгелік конкурсты жойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Семей қаласының прокуратурасы қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша мемлекеттік конкурс өткізу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау әрекетінің алдын алып, 150 млн теңгені үнемдеді.

Тексеру барысында конкурс құжаттамасында әлеуетті қатысушыларға қойылған негізсіз және шектен тыс талаптар анықталды. Атап айтқанда, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдықтың болуы талап етілген. Мұндай талап артық болып саналады, себебі Семей қаласында мұндай биік ағаштар өспейді және бұл Қазақстанның климаттық жағдайына тән емес.

Сонымен қатар, конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкессіздіктер болған, бұл мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану қаупін арттырған.

Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде конкурс жойылып, құжаттама заңнамаға сәйкестендірілді. Бұл бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алып қана қоймай, нарықтағы барлық қатысушылар үшін әділ жағдайды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Семей қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықты және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар