Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «ШҚО ақпараттық орталығы» аймақтың коммуникациялар орталығында өткізген баспасөз конференциясында аймақ мектептерінде үштілділікті енгізу 2016 жылдың ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мақұлданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы тәжірибелік алаң ретінде анықталып, облыс мектептері алғашқы болып аталмыш оқыту жүйесіне көшіріледі.
- Біз бюджет қаражатын мектептерді қамтамасыз етуге, мұғалімер жалақысына жұмсағанмен, нәтиже жоқ. Облыс әкімі Даниал Ахметов оқушылар білім деңгейінің жеткіліксіздігін ескеріп, 2019 жылға дейін аймақ мектептерінде үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруды тапсырды. Аталмыш құжат оқыту мен сабақ беруде жаңа үрдіске ие болмақ. Оны жүзеге асыру үшін 1300 млн теңге бөлінді, - деді Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары қазақ, орыс, ағылшын пәндерінің мұғалімдері көктемгі және жазғы еңбек демалыстарында үш айлық қайта даярлаудан өтетіндерін айтып өтті. Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктерін жоғарлату мақсатында шетелдік мамандар шақырылады.
Облыстың барлық мектептері бірыңғай қазақ және ағылшын тілі оқулықтарымен қамтамасыздандырылады. Мектеп бітірген түлектер Мемлекеттік тілді еркін меңгеруге міндеттеліп, соған қажетті методикалық әдіснаманың бәрі жасалады. Арнайы жұмыс тобы білім деңгейлері бойынша орыс тілін оқытудың әдістемесін де дайындайды.
Сабақ жоспарын оңтайландыру арқылы ағылшын тілі пәнінің сағаттары ұлғайтылады.
Арнайы Кешенді жоспарда өзге пәндердің мұғалімдерін де үш тілділікке үйрету жүйесі қарастырылған. География, биология, математика, физика және өзге пәндер бойынша ағылшын тілімен біріктірілген оқу материалдары дайындалады. Біріктірілген материалдар түрі қазақ тілінде орыс сыныптарында, орыс тілінде қазақ сыныптарында оқытылады. Бұл қазақ тілін үйренуді жеделдетеді.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру қорытындысы бойынша сөйлеу, жазу, есту, тыңдау секілді тіл дағдылығын қалыптастырудың мүмкіндігі туады.
Зейнолла Абажанов