Сапары барысында Сағынтаев Жамбылдағы ең ірі деген жүйе құраушы кәсіпорын – ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Қазфосфат» ЖШС зауытын аралап көрді.
Айта кетелік, аталған өндіріс орны еліміздегі минералды тыңайтқыштар шығаратын жалғыз химиялық зауыт.
Өндіріс орында ауыр шаруашылығына аса қажетті минералды тыңайтқыштар, жемшөптік фторсыздандырылған фосфаттар өндіріледі. Өз кезегінде зауыт басшылары Үкімет басшысына өндірістің биылғы жылғы көрсеткіштері, сонымен қатар экспорт көлемін арттыру туралы баяндады.
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуына қарағанда, ИИДМБ шеңберінде былтырғы жылы зауытты қайта жөндеу өндіріс көлемін 2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік берген.
Ал биылғы жылы 300 мың тоннаға жуық фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірілген екен. Бұлардың 108 мың тоннасы ішкі нарыққа жетіп тұр. Қазақстанның қажеттіліктерін 100 пайызға қамтиды.
Ал қалған 200 мың тоннаға жуығы Қытай, Ауғанстан, Ресей, Украина, Уругвай, Аргентина елдеріне экспортталады. Қазіргі таңда Чехия, Румыния, Иран, Болгария сияқты мемлекеттердің нарықтарын игеру жұмыстары жүргізіліп жатқан жайы бар.
Ал алдағы жылы зауыт басшылығы фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлап отыр.
Сағынтаевтың сапары кезінде Үкіметбасыны өңірдің өндірістік ахуалмен танысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанке ИИДМБ Индустрияландыру картасы аясында 2017 жылы өңірде 1448 жаңа жұмыс орнын құрылғанын және 18,8 млрд теңгеге 13 жобаны іске асыру жоспарланғанын баяндады.
Биылғы жылдың басынан бері 8,3 млрд теңге сомаға 6 жоба енгізілір, нақты 398 жұмыс орны құрылған.
Жалпы көрсеткішке келер болсақ, 2017 жылдың 10 айында Қазақстанда экономиканың барлық базалық салалары бойынша өндіріс өсімі байқалған. Өнеркәсіп көрсеткіштері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,5% жақсарған екен. Атап айтқанда, соның ішінде Жамбыл өңірі бойынша өсім 1,4% құраған.