Абай облысында субсидия бөлу кезіндегі заңбұзушылық анықталды

Көркем Алдабергенова 24 қаз. 2025 11:24

Прокуратура мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жайылымдарды суландыру мен мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар бөлу барысында заңбұзушылықтарды анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидия алудың шарттарының бірі – арнайы су пайдалану рұқсатының болуы болып табылады.

Алайда Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен маманы тиісті рұқсаттарсыз жалпы сомасы 24 млн теңге болатын 35 субсидияны заңсыз бөлген.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған тұлғаларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын ұтымды пайдалану және бюджет қаражатын мақсатты жұмсау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар