Атырау облысында мүгедек баланы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында соққыға жыққан. Қатігезділік көрсетілген видео желіге тарады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зорлық-зомбылық видеосын Telegram-арнасы Atyrau.Today жариялады.
«Құрманғазы ауданында Қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету орталығында қызметкерлер ерекше баланы қатыгездікпен ұрып-соққан және қорлаған. Видеода бір ер адамның баланың жүріс-тұрысын насмешка етіп, оны мазақтап тұрғаны көрінеді», – делінген постта.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші топтағы мүгедектігі бар балаға тәрбиешінің қатысты зорлық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ведомствода атап өткендей, оқиға 2024 жылы болғанымен, ақпарат полицияға осы жылдың 25 қыркүйегінде жеткен.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынуда», – деп хабарлады облыстық ПД.
