Freedom Inside '26

"Жарығым сөнді": Нұрлан Өнербаев қайғылы жағдайды жеткізді

"Жарығым сөнді": Нұрлан Өнербаев қайғылы жағдайды жеткізді
ашық дереккөзден

Қазақстандық белгілі әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар жариялап, анасының өмірден өткенін жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесі жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін білдіріп, ауыр қайғысын оқырмандарымен бөлісті.

"Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым", – деп жазды әнші.

Қаралы хабардан кейін желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тіледі.

Көпшілік әншінің отбасы мен жақындарына сабыр, күш-қуат тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.