Freedom Inside '26

12 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

12 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
видео кадры

Ақтөбе облысында 12 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, барлығы - 6 науқас.

"Жол апатынан кейін олар Хромтау аудандық ауруханасына жатқызылды, облыс орталығынан келген екі дәрігерлік бригада ем шараларын өткізді. Таңертеңгі консилиум нәтижесінде үш науқас Ақтөбеге санавияциамен жеткізілді. Біреуі - 2009 жылы туған бала", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, 23 қазанда Самара – Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.