"Аса қауіпті дерт". Тоқаев қоғамдағы өзекті мәселені атады

Сағыныш Сардарова 24 қаз. 2025 16:12

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ретінде биік белестерді бағындырамыз десек, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болуы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген. Біз ұлт ретінде биік белестерді бағындырамыз десек, ең алдымен, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болуы керек, азаматтарымыз бірін-бірі сыйлап, құрметтеуі қажет.

Бір елдің ішінде өмір сүріп, бір жерде тұрып, жанжалға, ұрыс-керіске жол беруге болмайды. Біреудің еңбегін жоққа шығару, не болмаса ой-пікірін келеке ету, басқа адамды қаралау – озық, өркениетті қоғамға жат қылық, тіпті, ұят нәрсе, ондай әрекеттер үшін қоғам және заң алдында жауап беруге тура келеді", - деді Президент.

Мемлекет басшысы кейінгі кезде қоғамда жағымсыз үрдіс белең алғанын айтты.

"Ғаламтор желісінде бір тақырыптан басталған талқылау бітпейтін пікірталасқа ұласып кетеді, тіпті, бұл құбылыс "аса қауіпті қоғамдық дерт" деген осындай түсінік, ұғым пайда болды. Мұндай дерттен құтылуымыз керек", - деп түйіндеді Президент.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар