Астанада құтқарушылар газ-ауа қоспасының жарылуынан болған оқиғаның салдарын жоюда, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астана қаласының Байқоңыр ауданында Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта алдын ала мәлімет бойынша көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.