Астанада Алаш тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды Dalanews.kz. полицияға сілтеме жасап.
Instagram-дағы Аstana__sergek парақшасында елордада жаяу жүргінші өткелінде адамды көлік қағып кеткені туралы ақпарат жарияланды. Видеотіркегіш жазбасында жаяу жүргіншінің жолдан өтіп бара жатқан сәті көрінеді, бірақ жолдың ортасына жеткенде оны жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып, адамды соққыдан алысқа лақтырып жіберген.
Астана қалалық Полиция департаменті жарияланған мәліметке пікір білдірді.
«Lexus автокөлігінің жүргізушісі Алаш тас жолымен келе жатып, белгіленген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада.
