ЕАЭО елдерінен Ресейге тауар тасымалдаудың жаңа тәртібі талқыланды

ЕАЭО елдерінен Ресейге тауар тасымалдаудың жаңа тәртібі талқыланды
Фото: gov.kz

ЕАЭО елдерінен Ресей Федерациясына тауар тасымалдау кезінде тауар жеткізілімін алдын ала растайтын ұлттық жүйе енгізілмек. Осыған байланысты бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар жаңа тәртіптің талаптары мен оны қолдану тетіктерін талқылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жүйе аясында жеткізілімді алдын ала тіркеу, алдағы тауар жеткізілімі туралы құжатты (ДОПП) рәсімдеу, жанама салықтар бойынша кепілдік төлем енгізу, сондай-ақ жүйеде қажетті мәліметтердің тіркелгенін растайтын QR-код алу қарастырылған.

Кездесу барысында бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдар өкілдері жүйені қолдану тәртібін, рәсімдеу талаптарын және оны іске асыру тетіктерін талқылады.