Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне соғылып, бір адам қаза тапты

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне соғылып, бір адам қаза тапты
hronika.kz

27 мамыр күні Павлодар облысының Железинка ауылы маңында Ан-2 ұшағының қатысуымен авиациялық оқиға болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшу кезінде ұшақ электр беру желісіне тиіп кеткен.

Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш көз жұмды. Екінші пилотты құтқарушылар ұшақ ішінен шығарып алған. Қазіргі уақытта оның есі анық екені хабарланды.

Оқиға орнына Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары жіберілді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.