Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездеседі

Көркем Алдабергенова 24 қаз. 2025 14:43

Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездеседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 30 қазан күні Оңтүстік Кореяда жүздеседі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт айтты.

Кездесу Трамптың Азия елдеріне жасайтын сапары аясында өтпек. АҚШ президенті Малайзияға, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға баруды жоспарлап отыр.

Екі ел көшбасшылары Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінің аясында кездеседі.

Кэролайн Ливитт Дональд Трамптың бұл сапар кезінде Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаитимен кездесетінін де растады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар