Алисаға қазақ тілінде сұраныстартың 70%-ға өсуі: Yandex Qazaqstan қазақ тілін қалай қолдайтынын айтып берді

Ақтоты Жапатова 24 қаз. 2025 16:26

Yandex Qazaqstan орнықты даму саласындағы жаңа есебін ұсынды. Есепте әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жобалар, атап айтқанда IT-мамандарды дайындау мен қолжетімді әрі инклюзивті орта құрудан бастап қалалық инфрақұрылымды дамыту және бизнеске арналған шешімдерге дейін сипатталған. Yandex Qazaqstan сервистері жүздеген мың қазақстандыққа табыс табатын мүмкіндіктер сыйлап отырғандықтан, компания серіктестерінің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, 2025 жылдың шілдесінде Яндекс Таксимен серіктестікте жұмыс істейтін 85 мың жүргізуші медициналық сақтандыруға, әлеуметтік төлемдерге және зейнетақыға құқық алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғамға арналған білім және технологияларды дамыту

Yandex Qazaqstan басымдықтарының бірі – IT-білім беруді дамыту болып қала береді. 2017 жылдан бастап компанияның Бағдарламалау мектебі 14 жастан 17 жасқа дейінгі 390-нан астам баланы оқытты. Тегін курстар Қазақстанның алты қаласында өткізіледі және оларды тәжірибелі бағдарламалаушылар мен білікті оқытушылар жүргізеді. 2025 жылы 2,3 мыңнан астам оқушы қыз жыл сайын компания қолдау көрсететін халықаралық Technovation Girls бағдарламасына қатысты. Бағдарлама қыздарды STEM-бағыттарға – ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы мамандықтарға тартуға бағытталған.

Білім беру бастамаларын дамыта отырып компания білімге деген қолжетімділікті кеңейтуге көмектесетін технологияларды енгізуде. Мысалы, Нейромен біріктірілген Яндекс Поиск, іздеу және генеративті технологияларды үйлестіре отырып, жай ғана сілтемелер тізімін бермейді, керісінше күрделі сұрақтарға түсінікті жауаптар қалыптастырып, маңыздысын бөліп көрсетеді. Нейро іске қосылғаннан бері осы опцияны күніне кем дегенде бір рет қолданатын қолданушылар саны 69%-ға өсті, ал сұраныстар саны 49%-ға артты. Бұл ретте Қазақстанда Нейроға күн сайын қойылатын сұрақтардың шамамен үштен бірі білім беру тақырыбына арналған.

2024 жылы компания Yandex Cloud негізінде Қоғамдық технологиялар орталығын іске қосты. Алғашқы жобалардың бірі экология бағытына арналған – бұл қар барыстарын бақылауға арналған нейрожелі. Жасанды интеллект миллиондаған фототұзақ суретін өңдеп, ғалым-зоологтардың зерттеу жұмысын жеңілдетеді. Білім беру бағытында орталық жоғары оқу орындарына қолдау көрсетіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқу жобалары үшін бұлттық ресурстарды ұсынады. Серіктестер қатарында – Satbayev University, ҚБТУ (Қазақ-Британ Техникалық Университеті), Астана халықаралық университеті бар.

Платформалық жұмыспен қамту және серіктестерді қорғау

Компания үшін орнықты даму саласындағы тағы бір маңызды бағыт – платформалық жұмыспен қамту. Бүгінде Яндекс Go-мен 845 мыңнан астам жүргізуші және курьер серіктестікте жұмыс істеп отыр. 2025 жылдың шілдесінде компания Яндекс Go-дың Такси, Тағам және Жеткізу сервистерінде тапсырыстарды орындайтын 85 мың жеке кәсіпкер үшін салық агенті болды. 2025 жылдың қазанында бұл көрсеткіш 105 мың адамды құрады. Компания серіктестердің салығы мен әлеуметтік жарналарды есептеуді және төлеуді өз мойнына алды. Бұл оларға әлеуметтік қорғалуға және медициналық сақтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қалалық инфрақұрылым

Yandex Qazaqstan қалалық инфрақұрылым үшін де цифрлық шешімдер әзірлейді. Қостанай мен Қарағанды жүргізушілері Яндекс Карталардағы бағдаршамдардың сигналдарын көреді және жолдағы қауіпті жерлер туралы дауыстық ескертулер алады, ал Астана, Қостанай және Ақтөбе тұрғындары үшін өте ауыр жағдайда жедел жәрдемнің қозғалысын бақылау мүмкіндігі қолжетімді – бұл бригаданың келу уақытын сұрап, диспетчерлерге қоңырау шалу санын азайтады.

Цифрлық қолжетімділік

Цифрлық қолжетімділікті дамыта отырып, компания Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жобаларды іске асыруда. Соның бірі – «Инватакси». 2024 жылы «Инватакси» қолданушылары 140 мыңнан астам сапар жасады, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 231 мың сапарға жетті. Компанияның жобаға салған инвестиция көлемі 408 миллион теңгеден асты.

Yandex Qazaqstan, сонымен қатар, цифрлық қолжетімділікті арттыратын жеке шешімдерін де әзірлейді. "Ақылды камера" заттар мен мәтіндерді таниды және нашар көретін қолданушыларға кеңістікте бағдар жасауға көмектеседі. Яндекс Әңгімелесу қосымшасы сөйлеу мен мәтінді екі жақты аударуды қамтамасыз етеді және саңыраулар мен еститін адамдардың қарым-қатынасына көмектеседі. Ал Яндекс Карталарда Қазақстанның 2 429 елді мекеніндегі 79,1 мың ұйым карточкасында жүріп-тұруы нашар адамдарға арналған нысандардың қолжетімділігі туралы деректер бар.

Яндекс Про қосымшасы есту қабілеті нашар жүргізушілерге бейімделген, жекелей алғанда визуалды хабарландырулар, жолаушылармен чат және ымдау тіліндегі оқу материалдары қосылған.

Қазақ тілі мен мәдениетін дамыту

Yandex Qazaqstan қазақ тілі және қазақстандық мәдениеттің цифрлық таралуын қолдайды. Бүгінгі таңда негізгі сервистер толығымен қазақ тілінде қолжетімді және Поисктегі сұраныстардың шамамен 27%-ы қазақ тілінде жасалады.

Виртуалды көмекші Алиса да қазақ тілін түсінеді, қазақша сөйлейді. Маусым айының соңына қарай Алисадағы қазақ тіліндегі сұраныстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға өсті.

Шығармашылық индустрияны дамыту бағытында жергілікті орындаушыларға аудитория табуға көмектесетін ISKRA Qazaqstan жобасы және «Менің толқыным» жеке ұсыныстар таспасы іске қосылды. КиноПоискте пайдаланушыларға қазақстандық фильмдер мен сериалдардың, ал Яндекс Кітаптарда қазақстандық баспалардың кітаптарының 5200-ден астам атауы қолжетімді.

Бизнесті қолдау

Шағын және орта бизнеске Яндекс Карта және Яндекс Go сервистерінің жарнама және логистиканы жеңілдетуге бағытталған құралдары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ Yandex Cloud платформасы қолжетімді.

Yandex SpeechKit сөйлеуді синтездеу және тану сервисі, сондай-ақ Yandex SpeechSense тіл аналитикасы сервисі байланыс орталықтарының жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Биыл синтездер кітапханасы қазақша да, орысша да, сондай-ақ олардың қоспасында да сөйлейтін екі жаңа дауыспен толықтырылды.

Кәсіпкерлік пен инновацияны қолдау мақсатында Yandex Qazaqstan 2024 жылдың соңында стартаптарға арналған бағдарламаны іске қосты. Оған қатысушылар Yandex Cloud-қа, Яндекс Карта API-ына және басқа да құралдарға жеңілдігі бар қолжетімділік алады. Бұдан басқа, Yandex Cloud бұлтты платформасында Yandex Cloud Boost гранттық бағдарламасы бар. Мұнда 150-ден астам компания жобаларды іске қосу және ауқымын кеңейту мақсатында бұлтты сервистерді пайдаланады.

Yandex Qazaqstan Қазақстан тұрғындарына арналған өмір сапасын арттыратын және технологияларды қолжетімді ететін жобалар бойынша жұмысты жалғастырады.

Yandex Qazaqstan-ның орнықты даму саласындағы толық есебі мына сілтемелер бойынша қолжетімді: (қазақ тіліндегі нұсқа), (орыс тіліндегі нұсқа).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар