Freedom Inside '26

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды
Мәжіліс

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл шешім партияның съезінде қабылданды. Делегаттардың басым бөлігі Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдаған.

Дания Еспаева 2016 жылдың наурыз айынан бері Мәжіліс депутаты болып келеді. Ал 2023 жылдың наурызынан бастап Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр.

Бұған дейін «Ақ жол» партиясын 2011 жылдың шілде айынан бері басқарған Азат Перуашев партия төрағасы өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Перуашев бұл шешімін партия басшылығын жаңарту және ішкі партиялық жүйеде монополияның қалыптасуына жол бермеу қажеттілігімен түсіндірді. Оның айтуынша, басшылықтың мерзімді түрде ауысуы жаңа идеялар мен бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.