"Жыл басынан бері үш ота жасаттым": Мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза денсаулығы туралы айтты

"Жыл басынан бері үш ота жасаттым": Мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза денсаулығы туралы айтты

Әлеуметтік желіде танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза денсаулығына байланысты тағы бір ота жасатқанын хабарлады. Ол Instagram парақшасында ауруханадан кейінгі жағдайы туралы жазып, оқырмандарына алғыс айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Білім саласының өкілі биыл денсаулығына байланысты қиын кезеңді бастан өткергенін жасырмады. Оның айтуынша, жыл басынан бері үш рет хирургиялық ота жасалған.

Ақмоншақ Нұртаза операциядан енді шыққанын айтып, осы уақыт аралығында қолдау білдірген жандарға ризашылығын жеткізді.

"Отадан осы жаңа шықтым. Қуанышты да қайғыда да бір болған алтын оқырмандарым, қолдау сөздеріңіз, жылы лебіздеріңіз, дұға тілектеріңізге рақмет.

Биыл денсаулық жылы болды. Жылдың басынан бері 3 ота болды, алла қолдасын🤲

Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қалғаны бәрі өткінші", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза Instagram парақшасында.

Мектеп директоры басынан өткен жағдайдан кейін адам өміріндегі ең маңызды құндылық денсаулық екенін тағы бір мәрте түсінгенін жеткізді.

Ол оқырмандарын өз денсаулығына бейжай қарамай, уақытылы күтінуге шақырды.

Әзірге Ақмоншақ Нұртазаға қандай себеппен ота жасалғаны және оның қазіргі денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.