Freedom Inside '26

Қазақстандық «Qaitadan» халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды

Қазақстандық «Qaitadan» халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған ОрталықАзия байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді.

«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат — STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.