Freedom Inside '26

Дариға Назарбаеваның Forbes тізіміндегі орны төмендеді

Дариға Назарбаеваның Forbes тізіміндегі орны төмендеді
novoetv.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Forbes журналы жариялаған 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар рейтингінде 20-орынға жайғасты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Басылымның бағалауынша, оның қазіргі байлығы 550 млн долларды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. 2025 жылы Дариға Назарбаева аталған тізімде 17-орында болып, капиталы 571 млн доллар деп бағаланған еді. Forbes бұл өзгерістің нақты себебін көрсетпеген.

Дариға Назарбаева ұлы Нұралы Әлиевпен бірге «Европа плюс Қазақстан» және «Независимый Телевизионный Канал» компанияларына иелік етеді. Сонымен қатар «DLS Group» холдингі арқылы «Регион-Медиа», «Наружная Реклама-Регионы» және «Телефабрика “Дала”» компанияларында үлесі бар.

Ал оның сіңлісі Динара Құлыбаева биыл рейтингте үшінші орынға көтерілген. Forbes оның байлығын 5,4 млрд доллар деп бағалаған. Өткен жылы Динара Құлыбаева 5,3 млрд доллар капиталымен төртінші орында тұрған.

Динара Құлыбаева жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге «Алмэкс» холдингі арқылы Halyk Bank акцияларының 61,99 пайызына иелік етеді.