Freedom Inside '26

Әлеуметтік желіде боқтық сөз жазғандар жауапқа тартылуы мүмкін

Әлеуметтік желіде боқтық сөз жазғандар жауапқа тартылуы мүмкін
ЖИ: Dalanews

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік желілерде бейәдеп, балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасы дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, құжатты биылғы маусым айында парламент қарауына енгізу жоспарланған.

Заң жобасы қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына толықтырулар енгізуді көздейді. Қазіргі таңда бұл бап қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық әрекеттерін реттейді.

Жаңа нормалар қабылданған жағдайда әлеуметтік желілерде балағат сөз қолданған азаматтарға 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар 20 сағаттан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.