Түркістан облысында сотталған адам ауруханадан қашып кеткен

Көркем Алдабергенова 24 қаз. 2025 15:36

Түркістан облысында айыпталушы ауруханадан қашып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, емдеу мекемесінде жатқан күдікті қамаудан қашып кеткен. Оқиға 23 қазанда болған.

Қашқынға іздеу жарияланып, облыс бойынша барлық жеке құрам жұмылдырылған. Бақылау бекеттері қойылып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, айыпталушыны күзетке алу мен жеткізуге жауапты қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеу басталған.

Департамент өкілдері кінәлілерге ең қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Бұл жағдай облыстық полиция басшылығының жеке бақылауында екені атап өтілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар