Кран тросының үзілуі- Павлодарда қайғылы оқиға

Асель Қайратқызы 24 қаз. 2025 12:26

Павлодар облысындағы көмір карьерінде трагедия орын алды. Dalanews.kz. сайты Pavlodarnews басылымына сілтеме жасап, өндірісте қазаға ұшыраған апат туралы хабарлайды.

Аймақтық Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы ақпарат жұмыс берушіден түскен. Трагедия Баянауыл ауданындағы көмір карьерінің теміржол соқпағында болған.

Рельстен шыққан көмір жүк вагондарын көтерген кранның тросы үзіліп кеткен. Ұшып кеткен ілмек 1958 жылы туған тепловоз машинистіне тиіп кеткен. Ер адам сол жерде қаза тапқан.

Павлодар облысы полиция департаменті хабарлағандай, тепловоз машинистінің өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады.

Оқиғаның жағдайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар