Бір аптада Алматы облысынан 14 шетелдік депортацияланды

Жарбол Кентұлы 21 қар. 2024 19:32 77

Алматы облысында өткен аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 270 шетелдік азамат анықталды. Нәтижесінде олардың 14 елден шығарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз халықтың көші-қон саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Біздің іс-шараларымыздың мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау. Еліміздің аумағында болғысы келетін шетел азаматтары белгіленген ережелерді қатаң сақтауы тиіс, – деп атап өтті облыстық көші-қон қызметі басқармасы.

Депортацияның негізгі себептері заңсыз еңбек қызметі, болу мерзімін бұзу және әкімшілік қадағалаудан жалтару болды.

Сонымен қатар, халықтың көші-қон саласындағы бұзушылықтар үшін Қазақстанның 119 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары барлық шетелдік азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеуге шақырады. Сұрақтар туындаған жағдайда шетелдік азаматтар жақын маңдағы көші-қон полициясы бөлінісіне жүгіне алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар