Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Шұбар елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, газ тарту мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елді мекен Есіл ауданында орналасқан, онда 5 мыңға тарта адам тұрады. Астана әкімі белсенділермен өзекті мәселелерді талқылап, елді мекенді одан әрі дамыту жоспарын белгіледі.
– Сол жағалаудың ортасында орналасқан елді мекеннің маңызды мәселелерінің бірі – газдандыру. Қазіргі уақытта газдандыру үшін көшелерде тарату желісінің құрылысы жүріп жатыр. Желілердің жартысынан көбі аяқталды. Жеткізуші газ құбырының құрылысын келер жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – Шұбар елдімекенінің тұрғындарына үйлерін газға қосуына мүмкіндік береді, сол сияқты ауданның және жалпы қаланың экологиясына жағымды әсер етеді әрі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырады, – деді қала басшысы Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің айтуынша, келер жылы сумен жабдықтау желілері мен кәріз желілерін салынады, бұл жоба 2025-2027 жылдары толық іске асырылады.
Сонымен қатар кездесуде жолдарды жөндеу, инженерлік желілер, камералар, бағдаршамдар орнату, абаттандыру, оқу орындарын салу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Бүгінде Астанада аумақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Таяуда ғана қаладағы «Үркер» тұрғын алабында газ тарату желілерінің құрылысы мен газды қосу ішінара аяқталған болатын.
Астана қаласы әкімдігінің жоспарлы жұмысының арқасында 1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болған болатын. Енді осындай игілікке Шұбар елдімекенінің тұрғындары да қол жеткізетін болады.
Тұрғын алаптағы қалған үйлерді газбен қамтамасыз ету 2025 жылы
Осыған дейін Астана қаласы әкімдігі газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, газдандыру жұмыстарының қарқыны тоқтамайды. Газдандыру жобасы қала экологиясын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.