Депутат еліміздегі 50 кәсіпорында еңбек етіп жүрген жұмысшылардың төленбеген жалақысының жалпы сомасы 530 миллион теңгеден асып жығылатынын айтты.
Сондай-ақ, 190 қызметкер жұмыс істейтін 16 кәсіпорынның қарызы 115 млн теңгені құрап отыр, оны болашақта да төлеу мүмкін емес көрінеді. 1300-ден астам адамды жұмыспен қамтыған, әйтсе де қарызы жарты миллиард теңгеге жеткен басқа 34 кәсіпорын жұмысшыларға еңбекақы төлеуге мүмкіндігі бар екені белгілі болды. Компаниялардың тыйым салынған мүлкінің арқасында жалақы төлеуге аз да болса, мүмкіндік бар екен.
– Әлеуметтік шиеленістер мен еңбек қақтығыстарының қаупін бақылау мүмкіндігін қарастыру, әр кәсіпорын үшін әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау, оларды шешудің нақты шараларын әзірлеумен әр проблемалы кәсіпорынның жағдайын бағалау және жұмыс істеп тұрған қала құраушы әрі ірі кәсіпорындарға айрықша көңіл бөлу керек. Олардың жағдайы аймақтардағы саяси-әлеуметтік ахуалға әсер етеді, – деді сенатор Андрей Лукин.
Андрей Лукин жұмысшылардың жұмыспен қамтылуын бақылау үшін, сондай-ақ жалақы бойынша берешектің өсуіне жол бермеу үшін еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдануды ұсынады.
Сенатор сонымен қатар ағымдағы жылы 1,2 млрд.теңгеден астам қарызды өтеу қамтамасыз етілгенін және 15 мың жұмысшының құқықтары қорғалғанын атап өтті.