Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, оларға екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Алайда, Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл жағдайдың алдын алуға болар еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі 37- ден астам блогерге қатысты материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолдаған болатын. Сенаттағы брифинг барысында журналистер ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен Жанәбіловтар ісінің сотқа дейін жетпей, қылмыстық сипат алуының алдын алуға болар- болмасын сұрады. Себебі сот кейін материалдардан қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін көріп, істі Экономикалық тергеу департаментіне жолдаған еді.
Жеңіс Елемесовтың айтуынша, бұл- тікелей тараптардың ұстанымына байланысты. Егер азамат әкімшілік жазаға келіспей, қарсы арыз (ходатайство) түсірсе, іс сотқа жіберіледі. Жанабыловтардың жағдайында дәл осылай болған.
Бүгін Қаржы мониторингі агенттігі Жанәбіловтар блогерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 214- бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
Айта кететін болсақ, бұл бап бойынша жаза: 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, не осы мөлшерде түзету жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен немесе онсыз.