Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның бірге жүрген сәті түсірілген видео тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәліметтерге сүйенсек, Мөлдір Мұқан Қырғызстанға іссапармен барған. Көп ұзамай желіде оның Тұрсынбек Қабатовпен бірге жүрген видеосы жарияланған.
Бұл кадрлар қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі екеуінің қайта жақындасқанын қуанышты жаңалық деп қабылдаса, енді бірі бір ғана видеоға қарап нақты қорытынды жасауға болмайтынын айтып жатыр.
Әзірге Мөлдір Мұқан да, Тұрсынбек Қабатов та тараған видеоға байланысты ресми пікір білдірмеген.
Дегенмен желі қолданушылары әзілкештің соңғы жазбалары мен суреттеріне қарап, олардың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айтуда.