Freedom Inside '26

Ақниет пен Бөрте: Тоқаев Ақалтеке құлындарына ат берді

Ақниет пен Бөрте: Тоқаев Ақалтеке құлындарына ат берді
ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көріп, жаңадан туған құлындарға ат қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ақалтеке тұқымының қатары тағы екі төлмен толыққанын жазды. Президенттің айтуынша, жуырда екі бие құлындаған.

"Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім. Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым. "Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар" деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім", – делінген Тоқаевтың жазбасында.

Осылайша, Ақалтеке тұқымына жататын жаңа құлындардың бірі Ақниет, екіншісі Бөрте деп аталды.

Айта кетейік, Ақалтеке жылқысы әлемдегі ең көне әрі бағалы жылқы тұқымдарының бірі саналады. Бұл тұқым өзінің сымбаттылығымен, жүйріктігімен және ерекше төзімділігімен танымал.