«СК-Фармация» тергеу аясында: бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша іс қозғалды

Асель Қайратқызы 16 қаз. 2025 14:12

«СК- Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов хабарлады, деп мәлімдейді Dalanews.kz 

«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық- процессуалдық кодекстің 201- бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария ете алмаймын»,- деді Елемесов Сенаттағы брифинг барысында.

Еске салайық, 2025 жылғы шілде айында Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС- не қатысты ауқымды қаржылық бұзушылықтар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеген болатын. Бұл бұзушылықтар Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген аудит қорытындысы бойынша анықталған. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келтірілгенін мәлімдеген еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар