Freedom Inside '26

Путин алматылық әжейді марапаттады

Путин алматылық әжейді марапаттады
Фото: ашық дереккөз

Путин Алматыдағы 100 жастағы монах әйелді «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей президенті Владимир Путин Алматыдағы Иверско-Серафим монастырінің тұрғыны, схимонахиня Ирина Любицкаяны «Достық» орденімен марапаттады.

Марапат Ресейдің тарихи-мәдени мұрасын Қазақстан аумағында сақтау мен насихаттауға қосқан үлесі үшін табысталды.

Биыл сәуір айында, 100 жылдық мерейтойына орай, монах әйелге Ресей православ шіркеуінің ең жоғары әйелдер ордені – қасиетті княгиня Ольганың I дәрежелі ордені берілген болатын.

Схимонахиня Ирина Орынбор облысында дүниеге келген. Соғыс жылдары Тәжікстандағы эвакуациялық госпитальдарда жұмыс істеген. 1947 жылдан 1981 жылға дейін Алматыдағы жедел жәрдем станциясында фельдшер болып қызмет атқарған.