БЖЗҚ-дан ақша алу ісі: іздеуде жүргендердің бірі ұсталды

Көркем Алдабергенова 16 қаз. 2025 12:19

БЖЗҚ-дан стоматология арқылы ақша алу ісі бойынша іздеуде жүргендердің бірі ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, іздеуде жүрген үш адамның біреуі - Аслан Дүйсенов ұсталған. Оның кінәсі дәлелденген. 

Агенттік мәліметінше, мына адамдар іздестіріліп жатыр:

  • Дүйсенов Аслан Қамбарұлы (ұсталды)
  • Иманбаев Габбас
  • Елешев Есімхан Баяндиевич

"Олар 46 млрд теңгеден аса қаражатты БЖЗҚ-дан заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемалар ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттар рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Бұл мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

Оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған.

Желідегі үндеу

Еске салайық, бұған дейін Instagram-дағы atyrauoil.official парақшасында атыраулық Аслан Дүйсеновтің үндеуі жарияланды. Аслан Дүйсеновтің сөзіне сенсек, бұл істе ешқандай алаяқтық жоқ,стоматология заңды түрде жұмыс істеген.

"Ешкімді алдап, ақысын жеген емеспіз. Ресми стоматология жұмыс істеді. 46 млрд деген өтіріктеу, 46 млрд болған жоқ. Өзімнің шотымдағы айналым көрініп тұр. Оның алдында бір кәсіпкерден сатып алғанмын, заң жүзінде лицензиямыз - бәрі бар, мамандар жұмыс істеп келді. ҚМА тарапынан тексеріс жүргізіліп, стоматология тоқтап тұр. Оған дейін өз тарапымыздан ресми жұмыс істедік", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар