Қазақстанның вице-премьері – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин АҚШ конгрессмендерімен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Конгрессмен, бюджет және салық комитетінің мүшесі, "Қазақстан – АҚШ" кокусының тең төрағасы Джимми Панеттамен келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.
Серік Жұманғарин конгрессменге Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою туралы мәселені ілгерілетуде Қазақстанды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, бұл мәселені АҚШ Конгресінде тезірек реттеуге үміт білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстанның вице-премьері бюджет және салық комитетінің мүшесі, конгрессмен Томас Суоззимен кездесуде де Джексон-Вэник түзетуін жою туралы мәселені талқылады. Айта кету керек, кездесулерде барлық конгрессмен Қазақстанға осы бағытта қолдау көрсетуге дайын екенін растаған.