Қазақстан азаматы Ресейде радиостанцияны басып алды

Көркем Алдабергенова 16 қаз. 2025 15:54

52 жастағы Қазақстан азаматы Санкт-Петербург қаласында ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 14 қазанда болған. «Санкт-Петербург» телеарнасының хабарлауынша, ер адам радиостанция ғимаратына баса-көктеп кіріп, бұзақылық әрекет жасаған.

«Ұсталған азамат кеңседе айқайлап, түсініксіз ұрандар айтып, қызметкерлердің жұмысына кедергі келтірген», – делінген телеарна таратқан ақпаратта.

Күдікті Ресейге тамыз айының соңында келген. Алғашында Мәскеуде, кейін Санкт-Петербургке барған және хостелде тұрған.

Оқиғадан кейін оны полиция бөліміне жеткізген.

Қазіргі уақытта ер адамның іс-әрекетіне құқық қорғау органдары қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар