Хакерлер АҚШ пен Канада әуежайларында Палестинаны қолдайтын аудиожазбаларды қосып жіберді

Асель Қайратқызы 16 қаз. 2025 12:10

  АҚШ пен Канададағы бірнеше әуежайдың жүйесін хакерлер бұзып кіріп, ішкі дауыс зорайтқыштар арқылы палестиналық ХАМАС қозғалысын мадақтап, АҚШ пен Израиль басшыларын тілдеген аудиожазбаларды қосқан. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп мәлімдейді Dalanews.kz.

Сейсенбі күні Солтүстік Американың төрт әуежайындағы терминалдарда дауыс зорайтқыш жүйелері арқылы рұқсат етілмеген, палестинаны қолдайтын саяси мазмұндағы хабарламалар таратылған. Онда ХАМАС қозғалысы мадақталып, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер- министрі Биньямин Нетаньяху сынға алынған. Бұл жағдай әуежайлардың жұмысына кері әсер етіп, ықтимал хакерлік шабуылдарға байланысты тергеу жүргізілуіне себеп болды, - деп хабарлайды телеарна.

Оқиғалар Британдық Колумбия провинциясындағы Келоуна мен Виктория халықаралық әуежайларында, Онтариодағы Виндзор әуежайында, сондай- ақ АҚШ- тың Пенсильвания штатындағы Гаррисберг әуежайында орын алғаны атап өтілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар