Қазақстанда блогерлер лотерея өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Асель Қайратқызы 16 қаз. 2025 14:52

Қазақстанда лотереяларды заңсыз өткізу және жарнамалау үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдардан жиналуда. Кейін бұл бастама Үкімет пен Мәжілістің қарауына ұсынылады.

- Қазір бұл бағытта өзге де ведомстволардан ұсыныстар жинап жатырмыз. Содан кейін Үкімет пен Мәжілістің қарауына шығарамыз. Біз бұған дейін қаржылық пирамидаларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген болатынбыз. Лотереялар мәселесіне қатысты да осындай шара қабылдау қарастырылып жатыр,- деді Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифингте.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар