Түркістан қаласында «Жасыл Түркістан» мекемесінің бастамасымен 4 633 түп тал көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көшеттер қаладағы Абылай хан гүлзары, Балтакөл тас жолы бойы, Отырар мөлтек ауданы мен Орталық мешіт маңында егілді. Онда қарағаш, сафора және шынар ағаштары отырғызылған. Аталған жұмыстарға «Жасыл Түркістан» мекемесінен 40-50 жұмысшы жұмылдырылған.
Сонымен қатар, мердігер мекемелер тарапынан қосымша 22 450 қарағаш және өрік тал көшеттері егілді. Бұл көшеттер Руханият саябағы, Кентау тас жолы, Әуежай жолы, Дендросаябақ, Қазыбек би аллеясы, Керей хан гүлзары аумағында отырғызылған. Жалпы қалада күзгі маусымға 50 мыңға жуық көшет егіледі.