Жиында тың игеру жылдарының маңызы мен мақсаты, сол жылдардағы КСРО-ның әлеуеті, әрі бұл науқанның Қазақстанға қандай әсерін тигізгені сөз болды.
Шараның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев осыдан 63 жыл бұрын 1954 жылы күллі КСРО кеңістігінде тың жерлерді игеру науқаны басталғанын айтты.
«Соның нәтижесінде айналасы 6 жылда, яғни айналасы 6 жылдың ішінде 41 млннан гектардан аса жер игерілді. Мұның 25 млн. Қазақстанға тиесілі болса, 16,3 млн Ресейге тиесілі болды» деді ол.
Ал «Берлек-Единство» әлемдік экономиканы және еуразиялық интеграциялық процесттерді зерттеу геосаяси орталығыны жетекшісі Алексей Чекрыжовтың айтуынша 1953-1958 жылдарды аралығында Қазақстанға 650 мың білікті маман келген екен. Солардың ішінде 1,5 мың мұғалім, 50 мың құрылысшы бар. Әрине, бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының мамандары еді.
Өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйля Ахметова: тың игеру науқанына КСРО ғылыми тұрғыдан қараған жоқ. Қара күшкесенді. Климат, жер жағдайы, топырақ жағдайы, су ресурсы деген мәселелерге мән берілген жоқ.
Үшінші мәселе осы науқанға жердің жыртпақ тұрмақ, ауылдың тіршілігін білмеймін қаланың жастарын тартты.
Міне, сол кездері тың игеруші деген түсініктер пайда болды. Ал «қазақтар» деген ұғым екінші кезекке ысыралды. Тың игеру науқаны мен индустриялық құрылысқа барлығы 2,5 млн адам тартылған екен.
Бұл өз кезегінде Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде демократиялық ахуалды өзгертіп жіберді» деген пікір білдірді.
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуованың айтуынша қазіргі күні бұл тақырып жалпы ақпарат құралдары арасында кеңінен қамтылмайды.
«Менің ойымша Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық саясатына жалпы өткеніміз туралы айтқанда белгілі бір дүниелерді ғана қамту керек сияқты.
Айталық, екінші Дүниежүзілік соғыстағы халықтардың ерлігі, еңбек жетістіктері, белгілі бір даңқты тұлғалардың ерліктері дегендей. Міне, сонда ғана біз өткенге бір көзқараспен қарай аламыз» деді ол.