3 сәуірде ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 03 сәу. 2026 07:00

“Қазгидромет” синоптиктері 3 сәуір, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Метеорологтардың дерегінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстік өңірлерінде нөсер жауын жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Ал елдің өзге аймақтарында кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады, солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

“Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталық бөлігінде, Жетісу облысының солтүстік және оңтүстік аудандарында, сондай-ақ Алматы облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады”, – деп мәлімдеді “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove