Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында уақытша шектеу енгізіледі.
17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Шектеу асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
