Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Токио - Алматы бағытында тікелей рейстерді іске қоспақ, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әуекомпания мәліметінше, тұрақты рейстер Airbus A321LR әуе кемелерімен 30 қарашадан бастап аптасына екі рет Нарита халықаралық әуежайына орындалады.
Токиоға ұшу уақыты - 7 сағат 30 минут, ал Алматыға қайтатын рейс 9 сағат 25 минутқа созылады.
Эконом санатпен барып-қайтатын билет бағасы 350 552 теңгеден, ал бизнес санаттағы билеттер 1 398 918 теңгеден басталады.
Еске салайық, Қазақстан азаматтарына Жапонияға баруға виза керек.