Түркістан облысында шетелдік азаматқа іздеу жарияланды

Түркістан облысында шетелдік азаматқа іздеу жарияланды
ҰҚК

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен Уильям Коул есімді шетелдік азаматқа іздеу жарияланды. Іздеу туралы мәлімет құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы кестеде көрсетілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іздеу кестесіне сәйкес, Уильямс Коул 1981 жылғы 13 наурызда туған. Ол ер адам, шетел азаматы ретінде тіркелген. Ұлты «басқа» деп көрсетілген.

Іздеу ісі 2026 жылғы 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздеуді бастаған орган – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Ал іздестіру жұмыстарын жүргізетін орган ретінде Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция бөлімі көрсетілген.

Айта кетейік, іздеу карточкасында Коулдың қай елдің азаматы екені жазылмаған. Сондай-ақ оны іздеуге қандай себеп болғаны туралы ақпарат жарияланбаған.