17 қарашада қай өңірлерде көктайғақ болады?

17 қарашада қай өңірлерде көктайғақ болады?
pixabay.com

17 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстікте күн жылы болғанымен, кей аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы болады.

Ақмола облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Ақтөбе облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні секундына 15-20 метрге, шығысында кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін болады.

Атырау облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-9 градус аяз, таулы аудандарда 13 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз болады.

Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 3 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылы, таулы аудандарда 5 градус жылы болады.

Жетісу облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Алакөл көлдері ауданында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23-28 метрге, күндіз кей уақытта секундына 30 метрге және одан да жоғары деңгейге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, таулы аудандарда 13 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 1 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус аяз, шығысында 13-18 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, оңтүстігінде 6 градус жылы болады.

Қостанай облысында күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіліп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 11 градус жылы болады.

Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-9 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін болады.

Түркістан облысында күннің соңына қарай облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 8-13 метр. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарда 3 градус аяз, күндіз 12-17 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарда 7 градус жылы болады.

Ұлытау облысында күннің соңына қарай облыстың батысында аздаған жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады.