2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қытай Қазақстан өнімдерін экспорттайтын негізгі серіктес елдердің арасында бірінші орынға шықты. Оның отандық экспорттағы үлесі 17,9%-ға жетіп, Италияның көрсеткішінен асып түсті. Бұл туралы сыртқы сауда статистикасында айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Есепті кезеңде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,8%-ға жоғары.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 68,45 млрд долларға жетіп, бір жылда 18,1%-ға өскен. Ал импорт 4%-ға артып, 48,36 млрд долларды құрады.
Осылайша, Қазақстанның сауда балансының оң сальдосы 20,1 млрд доллар болды.
Экспорттық серіктестер арасында Қытайдың үлесі бір айда 17,6%-дан 17,9%-ға дейін өскен. Ал Италияның үлесі 18%-дан 17,6%-ға төмендеген. Нәтижесінде Қытай Қазақстан өнімдерін экспорттайтын елдер арасында бірінші орынға шықты.
Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі экспорт көлемінің импортқа қарағанда жылдамырақ ұлғаюымен қатар жүріп отыр.