Астанада 11-сынып оқушысы сыныптастарына пышақпен шабуыл жасады

Астанада 11-сынып оқушысы сыныптастарына пышақпен шабуыл жасады
Ашық дереккөз

Астана қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы сыныптастарына пышақпен шабуыл жасады. Оқиға салдарынан екі оқушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Шабуыл жасаған қыз профилактикалық есепке қойылып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды.

Сондай-ақ оның заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары білім беру мекемесінің қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне құқықтық баға бермек.

Оқиғаның себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды анықтау үшін Білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар жолданды. Онда құқық бұзушылыққа әкелген себептер мен жағдайларды жою талап етілген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.