Қазгидромет бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.
"2 қарашада Жезқазған, Балқаш, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Түркістан, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деді мамандар.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауадағы зиян заттар таралуына кедергі келтіретін кезең. Жыл басынан бері синоптиктер елдің түрлі қаласында бірнеше рет ауа сапасы нашарлағанын хабарлаған еді. Ауа сапасы адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді.
Мамандар мұндай күндері мүмкіндігінше сыртта аз жүруге, әсіресе, көлік көп жүретін жолдардың маңында ұзақ тұрмауға кеңес береді.