Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады
pixabay.com

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Dala News «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Астанада құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9–14 метрге жетеді, екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +21…+23 градус болады.

Ақмола облысында түнде өңірдің барлық аумағында, күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы күндіз және түнде +0…+5 градус болады.

Ұлытау облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +5…+10, түнде +2…+7 градус болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы күндіз және түнде +2…+7 градус болады.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10…+15, түнде 0…+5 градус болады.

Атырау облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +18…+23, түнде +5…+10 градус болады.

Маңғыстау облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз +21…+26, түнде +10…+15 градус болады.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7…+12, түнде 0…+5 градус болады.

Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде және батысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз +5…+10, түнде -1…-6 градус болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің барлық аумағында, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы күндіз +2…+7, түнде 0…+5 градус болады.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз және түнде +2…+7 градус болады.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде түнде, солтүстігінде, шығысы мен орталығында күндіз жаңбыр мен қар жауады. Күндіз +9…+14, түнде +4…+9 градус болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауады. Шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар күтіледі. Ауа температурасы күндіз +7…+12, түнде +1…+6 градус болады.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +15…+20, түнде 0…+5 градус болады.

Түркістан облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +19…+24, түнде +6…+11 градус болады.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18…+23, түнде +2…+7 градус болады.

Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +16…+21, түнде +1…+6 градус болады.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +15…+20, түнде -2…-7 градус болады.

Бұдан бөлек, Жетісу облысында және Жамбыл облысының батысы мен шығысында түнде -2…-7 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының шығысында топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында және Жетісу облысының шығысында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді.

«Алдағы тәулікте жауын-шашын болжамына байланысты республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», – деп ескертті синоптиктер.