Алматы мен Шымкентте күн 23 градусқа дейін жылынады

Алматы мен Шымкентте күн 23 градусқа дейін жылынады
pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде 13 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Алматы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы +2+4 градус, күндіз +13+15 градус болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +10+12 градус, күндіз +20+22 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +8+10 градус, күндіз +21+23 градус болады.