Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Семейде жеке тұрғын үйдің ауласындағы өрттен ер адам зардап шекті

Семейде жеке тұрғын үйдің ауласындағы өрттен ер адам зардап шекті
видеодан кадр

Семей қаласында жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық құрылысы өртеніп, бір адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін 112 қызметіне Заозерная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жетті.

Өрт сөндірушілер келген кезде шаруашылық құрылысының шатыры жанып жатқаны анықталған. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап, 140 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді.

Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған ер адам күйік жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізілді.