Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президент Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.