Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Таңғы тосынсый: Алматыда алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді

Таңғы тосынсый: Алматыда алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді

Таң сәріден сайлау учаскелеріне келген алматылықтарды шағын тосынсый күтіп тұрды. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға естелік кәдесыйлар мен тәтті сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алмалы және Түрксіб аудандарында дауыс беру басталған алғашқы минутынан-ақ тұрғындардың белсенділігі байқалды. Сайлау учаскелеріне келген алғашқы сайлаушыларды жылы лебізбен қарсы алып, оларға сыйлықтар ұсынды.

Мұндай игі дәстүр Алматының өзге ауданында да жалғасын тапты. Тұрғындарға көрсетілген бұл құрмет жексенбілік таңға ерекше көңіл күй сыйлап, сайлау учаскелеріндегі мерекелік атмосфераны толықтырды.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қалалық мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Қала бойынша 670 сайлау учаскесі ашылған. Оның 41-інде Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.